Ресейлік шабандоз Қостанайдағы аламан бәйгені ұтты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы Наурыз тойында ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс орталығындағы Наурыз тойы іргелес Заречный ауылындағы «Арғымақ» ипподромындағы ұлттық спорт ойындарымен жалғасты. Алдымен, облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарын аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов құттықтады.

«Дәл осы күні адамдар бір-бірмен көрісіп, арадағы өкпе-назын ұмытқан, ізгі тілектер айтылып, үлкеннің батасын алған.  Наурыз мерекесі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызбен қайта қауышты. Бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен ырыстың, татулық пен бірліктің мерекесі. Тар жерде табыстырып, кең жерде келістіре білген елдегі достықтың белгісі. Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастықта этнос пен конфессияаралық келісімнің үлгісі ретінде танылған мемлекет. Сондықтан осынау Ұлыстың ұлы күнінде татулығымыз одан сайын нығайып, мұрат тұтқан барлық игі бастамаларымыз оңынан орындалсы»! - деді облыс басшысы.

null 

Әкім сөзінен кейін жергілікті өнерпаздар шағын концерттік бағдарлама ұсынды.

null 

Жиылған жұрт қыз қуу мен аударыспақ ойынын да тамашалады.

null 

Білектілер үшін қойды мойынға салып көтеруден жарыс ұйымдастырылды. 80 келіге дейінгі қатысушылар арасынан Виктор Цирик озды. Ол қойды 2 минутта 52 рет көтерді. Ал ауыр салмақта сынға түскендердің сыйлығын Анатолий Мулин олжалады. Анатолий қойды 71 рет иығынан асырды. 

null

«Мен Наурыз тойында өтетін спорт шараларына бірінші рет қатысып отырмын. Қойды иыққа салып көтеру спорты өзіме қатты ұнады. Мұнда тек күш қана емес, айла-тәсілдер де керек. Ортақ мейрамымыз Наурызда осындай ұлттық спорт ойындарының қатары көбейсе деген тілек бар», - дейді  Анатолий Мулин.

Бәйге десе, делебесі қозбайтын қазақ бар ма?! Бәйгеге республиканың түкпір-түкпірінен және Ресейден тұлпарлар жиналды. Әуелі, 3 шақырымдық тоқ бәйгенің жеңімпаздары анықталды. Бір қызығы, жүлделі үш орынды Жітіқара ауданының құнандары өзара бөлісті. Бас бәйге Ернұр Құтеген есімді шабандоздың еншісінде кетті.  

null 

Мұнан соң танауын көкке шаншытып, кекілін жел тараған 26 күлік аламанға түсті. Мәреге екі айналым қалғанда шын сәйгүліктер алға суырылып шығып, қалғандарынан аралары алшақтай бастады. Жұрт көмбеге беттеген жүйріктерді қиқулап қарсы алып жатты. Сонымен, Ресейден әкелінген «Юмор» атты арғымақ бас жүлдені еншіледі. Оның иесі - Рамиль Салахов. Жітіқаралық Хансұлтан Жандәулет мінген «Торын» тұлпары мәре сызығын екінші болып кесті. Үздік үштікте - «Зарбина». Бұл сәйгүлік Таран ауданынан қатыстырылды.

null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар