Ресейлік сарапшылар Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін сөз етті

None
None
Мәскеу. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде танымал қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар мен журналистер «Қазақстан әлемдік тарихта: сарқылмас құндылықтар мен болашақ көкжиегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында қазіргі заманғы, дамыған Қазақстанның қалыптасу тарихы мен дамуына қатысты мәселелерді сөз етті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ның Мәскеудегі меншікті тілшісі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі өкілдерінің қолдауымен, Азия және Африка елдері институты мен М.Ломоносов атындағы ММУ-нің ұйымдастыруымен өткен жиын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Бүгінгі конференцияға қатысушылардың алдында Қазақстанның жеткен жетістіктері туралы ҚР РФ-дағы елшілігінің кеңесші-елшісі Марат Сыздықов жан-жақты баяндама жасады. Ол сөзінде Қазақстанның 25 жыл ішінде мемлекеттілігі мығым, ұлттық экономикасы дамып келе жатқан, ішкі және сыртқы саяси жағдайы тұрақты, азаматтары бірлік пен келісімде, конфессиялары ұлт өкілдері бірлікте өмір сүріп жатқан егемен ел ретінде қалыптасқандығын атап өтті.

«Елде тарихи маңызы зор өзгерістер орын алып, олар мемлекет егеменділігінң саяси және құқықтық негіздерін нығайтты. Бұл факторлар жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы тұра алатын, бүкіл қоғамның мүддесіне қатысты мәселелерді жүзеге асыра алатын мемлекеттік құрылымның тімді жүйесін құруға ықпал етті. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда экономикалық өсім бойынша зор көрсеткіштерге қол жеткізілді. Біздің бәсекелестік тұрғысынан алғанда теңдесі жоқ ерекшеліктері, мол табиғи байлығы, ауыл шаруашылығы, коммуникациялық және транзиттік әлеуеті- елдің экономикалық жетістігінің негізін қалады»,-деді Сыздықов.

Дипломат сөзінде еліміздің қысқа ғана уақыт ішінде «әлемдік отбасы мен ұлттың» толыққанды және мойнына мол жауапкершілігін артқан мүшесіне айналып, әлемдік қауымдастық өкілдерін мойындатып, халықаралық деңгейдегі ұстанымын бекемдегендігін атап өтті.

«Осының барлығының артында сөз жоқ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бақарған қазақстандық қоғамның сан-салалы, теңдесі жоқ жанкешті еңбегі жатыр»,-деді Сыздықов.

Қазақстан Тәуелсіздігінң 25 жылдығымен Ресейдің Шығыстанушылар қоғамының вице-президенті РҒА-ның Шығыстану институтының Шығыстану тарихы бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Васильев құттықтап, еліміздің тарихы жөнінде сыр шертті.

Сондай-ақ қазақстандықтары Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Бас хатшысының орынбасары Аманжол Жанқұлиев құттықтап, еліміздің ұйымға мүше ретінде қауіпсіздік бағытындағы атқарған істеріне тоқталды. Сондай-ақ жиында Қазақстанның болашағына сырттан қарағандағы көзқарастары туралы көптеген ғаымдар мен сарапшылар, мамандар ой-пікірлерімен бөлісті.

null null null  

Соңғы жаңалықтар