Ресейдің танымал актрисасы Нина Дорошина көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің әйгілі актрисасы, «Махаббат және кептерлер» (Любовь и голуби) фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған Нина Дорошина 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Мәскеу қаласы Мәдениет департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Иә, ақпаратты растаймыз», деп жауап берді агентіктің сауалына, Мәскеу  мәдениет департаментінің өкілі.

«Современник» тетрында жұмыс істеген марқұмның құрбысының баласы суретші Иван Миляев агенттік тілшісіне Нина Дорошинаның бақилық болғанын жеткізді. «Маған бұл қаралы хабарды оның туысы, менің әріптесім естіртті, бірақ әзірге толыққанды ештеңе білмеймін», - деді ол.

Еске сала кетсек, Нина Дорошина Щепкин атындағы театр училищесін бітірген. Алғаш рет сахнаға 1958 жылы шыққан. Ол кинода 20-да астам рөлді сомдаған. Солардың ішіндегі ең белгілісі - «Махаббат және кептерлер» фильміндегі бас кейіпкердің әйелі Надежда.

Соңғы жаңалықтар