Ресейдің Пермь қаласындағы оқиғадан зардап шеккен мұғалім есін жиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пермь қаласындағы мектепте болған оқиға барысында зардап шеккен мұғалім есін жиды. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігіне Пермь қаласындағы №4 қалалық аурухана хабарлаған.

«Зардап шеккен мұғалім есін жиды. Оның жағдайы бірқалыпты ауыр. Әзірге ол жансақтау бөлімінде жатыр», - деп мәлім етті аурухана қызметкері.

Сондай-ақ, ол зардап шегушіні басқа емханаға ауыстыру туралы әңгіме болмағанын мәлім етті. Оған барлық қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр.

Еске сала кетсек, дүйсенбі күні таңертең Ресейдің Пермь қаласындағы №127 мектепте екі жасөспірім арасында - оқушы мен мектептің бұрынғы оқушысының арасында жанжал кезінде атыс болған. Қарулы қақтығыс кезінде 15 адам зардап шегіп, оның 13-і ауруханаға жеткізілген.

Шабуыл жасаушылар қолға түскен. Пермь өлкесі бойынша тергеу бөлімі екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу туралы қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар