Ресейдің 6 қаласында қазақстандық өнімдер таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясында өңірлік сауда желілерінде қазақстандық өнімдерді таныстыруға бағытталған акция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «KAZNEX INVEST» компаниясына сілтеме жасап.

«Бұл әзірше тәжірибе ретінде қазақстандық өндірушілермен бірге өткізілген жоба. Оның басты мақсаты - қазақстандық өнімді Ресейдегі сатып алушыларға кеңінен таныстыру», - деп атап өтті «KAZNEX INVEST» басқарушы директоры Жәлел Болатов.

Оның айтуынша, қазақстандық тауарлар ресейлік тұтынушылар үшін таңсық емес, дегенмен, ритейл желілерінің сөрелеріне шығуға біршама қиындықтар болғандықтан, ресейлік тұтынушыларға жетпей жатады.

Акция барысында шамамен 40-қа тарта тауар түрі ұсынылды. Оның ішінде - кондитерлік өнімдер, шоколад, ұн өнімдері, макарон, шырын мен сусындар, май өнімдері бар.

Аталмыш шара Ресейдің алты қаласында - Новосібір, Екатеринбург, Барнаул, Кемерово, Томск және Новокузнецкте бір уақытта өтті. Бұл шамамен 900-ден астам сауда нүктесі. Қазақстанда шығарылған тауарларды дүкен сөрелеріне жылжыту бағдарламасының арқасында ҚР тауарлары Ресейдің жетекші өңірлік желілеріне кіре алды.

Жәлел Болатовтың хабарлауынша, шара биыл жалғасын табады және бұл қазақстандық тауарлардың Ресейде көп танымал болуына ықпал етпек.

 

Соңғы жаңалықтар