Ресейдегі жол апатынан бір қазақстандық мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -   Ресей Федерациясының Владимир облысында болған ірі жол апатынан бір қазақстандық мерт болып, тағы біреуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Владимир облыстық ТЖМ-нің мәліметтеріне сүйенсек, апатқа ұшыраған автобуста 55 Өзбекстан азаматы және 2 жүргізушісі қазақстандық болған. Жүргізушілердің біреуі апаттан мерт болды. Ал екіншісі Покров қаласына жеткізілді», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда, Ресейдегі қазақстандық дипломаттар қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туыстарына қажетті көмек көрсететін болады.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының Владимир облысында Қазақстаннан шыққан автобуспен ірі жол апаты болғандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар