Ресейдегі ҚР елшілігі Жамбылдың 172 жылдығына орай байқау жариялады

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшілігі ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 172 жыл толуына орай видеороликтер байқауын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі елшіліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елшіліктің ақпарат көзінде жазылғандай, қыстың соңғы күні қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 172 жыл толады.

«Осыған байланысты Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшілігі видеороликтер байқауын жариялайды. Оған қатысудың шарттары қарапайым: ақынның өзіңізге ұнаған шығармасын таңдап алып, сол өлеңмен байланысатын видеоролик түсіріңіз. Осыдан кейін әлгі видероликті #ПосольствоРКвРФ #СДнемРожденияЖамбылЖабаев хештегтерімен әлеуметтік желіге салып, елшіліктің парақшасын белгілеңіз», - делінген хабарламада.

Байқау тура бір айға созылады. Оның нәтижесі бойынша жүлдегерлер бағалы сыйлықтарға ие болып, жеңімпаздардың жұмысы елшіліктің парақшасында жарияланады.

Соңғы жаңалықтар