Ресейдегі Қазақстан елшілігі Тұңғыш Президент күніне орай қабылдау ұйымдастырды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай РФ-дағы Қазақстан елшілігінде қазақстандық ардагерлерді қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Мәскеудегі меншікті тілшісі.

Келген қонақтар арасында Мәскеудегі қазақстандық ардегерлер кеңесінің өкілдері,  әр кезеңдерде республикамызда Мемлекет басшысымен бірге қызмет атқарған бұрынғы партия және мемлекет қайраткерлері болды. 

Ардагерлер мереке қарсаңында, сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық байланысқа 25 жыл толуына орай  Елшілік ғимаратында ашылған экспозициялық мұражаймен танысты.

Екі ел арасындағы өзара байланыс тарихындағы маңызды сәттерден сыр шертетін фотосуреттер, қазіргі заманғы Қазақстан тарихы мен Ресеймен 25 жылдық дипломатиялық байланысқа тікелей байланысты құжаттар, мұрағаттық және ғылыми еңбектер, кітаптар мен сыйлықтар топтамасы жұртшылық назарына ұсынылды.

«Елшілікте ашылған мұражай жоғары бағаға ие жоба. Бұл -  Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері жайлы айтады. Бәрі ойластырылған, Қазақстан халқы, елдің дамуы, Мемлекет басшысының тынбай еткен еңбегі, оның сыртқы саяси бастамалары, сондай-ақ, ұлттың рухани және мәдени жаңғруымен байланысты қызметтері көрсетілген. Музейдің Тұңғыш Президент күні қарсаңында ашылуы да үлкен маңызға ие», - деді РЖҒА академиясының вице-президенті Анатолий Спицын.

«Біз Нұрсұлтан Назарбаев сеніммен айтқан көп нәрсеге күдікпен қарағанымызды мойындаймын. Алайда уақыт өтті, қазір біз жаңа Астананы, халықаралық істердегі, әсіресе Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты байланыстардағы жетістіктерді көзімізбен көріп отырмыз. Көп жерде оның істерін үлгі етеді. Мен мұнымен келісемін. Ең басты жетістік - шекаралас екі ел арасындағы байланыстағы сенімділік пен шынайылық», - деді Мәскеудегі қазақстандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Валерий Темірбаев. 

Соңғы жаңалықтар