Ресейдегі апаттан қаза тапқан 17 адамның 14-інің кім екені анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Владимир облысындағы ірі жол апатынан қаза тапқан 17 адамның 14-ін туыстары мен достары таныды, деп хабарлайды ТАСС өзбектердің «Дружба» өңірлік қоғамдық ұйымының төрағасы Улуғбек Балтабаевқа сілтеме жасап. 

Қалғандарының туыстары мен достарын табу істері жалғасуда.

У. Балтабаевтың сөзіне қарағанда, мәйіттерді алып кетуге Өзбекстаннан Мәскеуге келген ұшақ құрбандардың тұлғасы танылғаннан кейін ғана мәйіттерді отанына алып кетеді.

Бұрын хабарланғанындай, апатқа ұшыраған автобуста Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны да болған. Соның бірі 47 жастағы Данияр Шілдебаев мерт болып, ал 40 жастағы Нұрғали Сарманов аман қалды.

Соңғы жаңалықтар