Ресейде ұшақ апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Воронеж облысында екі ұшқышы бар Як-130 оқу-әскери ұшағы құлады. Бұл жайлы ТАСС РФ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқыс оқиға 09:40-та Краснодар жоғары әскери авиация училищесі авиабазасының жоспарлы оқу-жаттығулары кезінде Борисоглебск қаласында болған.

Ұшқыш-конструктор мен курсант катапульта жасап, жерге сәтті қонған, аэродроммен өздері байланысқа шыққан. Олар зардап шекпеген.

Арнайы комиссия жасақталып, оқиғаның мән-жайы тексеріледі.

фото:© Сергей Бобылев/ТАСС

Соңғы жаңалықтар