Ресейде тонаушылар банкоматпен бірге өз көліктерін де жарып жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Назрань (Ингушетиядағы аудан орталығы) қаласында қылмыскерлер екі банкоматты газды дәнекерлеу аппаратымен кеспек болған. Алайда автогенге беретін газдың қысымын дұрыс бере алмаған. Салдарынан банкоматтар ғана емес тонаушылар мініп келген көлікте жарылып кетті.

Зақым келген машинаны қылмыскерлер ізін жасыру үшін сол маңға елеусіз жерге қойған. Алайда полиция оны тапты, қазір иесінің кім екенін анықталуда. Сонымен бірге қолды болған сома көлемі де нақтылануда. 

Соңғы жаңалықтар