Ресейде тікұшақ құлап, 6 адам мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Хабаровск қаласындағы көшелердің біріне тікұшақ құлап, бірнеше адам көз жұмды, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл туралы ақпаратты Ресей ТЖМ растап отыр.

«Бізге Хабаровск қаласында тікұшақ құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Арнай топ оқиға орынына аттанып кетті, әзірге ешқандай толық ақпарат жоқ»,-деді жергілікті ТЖМ өкілі.

Сонымен бірге, шұғыл қызметтің алдын ала мәліметтеріне қарағанда, тікұшақтың құлауы салдарынан алты адам көз жұмған.

«Тікұшақта алты адам болған олардың барлығы қаза болды»,- делінген хабарламада.

фото:Валерий Шарифулин/ТАСС

Соңғы жаңалықтар