Ресейде шіркеуге жасалған қарулы шабуылдан бес адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дағыстанның Кизляр қаласында шіркеуге қарулы шабуыл жасалды. Бес адам қаза тауып, бес адам жарақат алды деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі. 

«Келіп түскен мәліметке қарағанда, 5 адам қаза тапқан (оқ атқан адасмды қоса алғанда), жарақат алған 5 адам Кизляр қалалық орталық ауруханасына жеткізілген. Онда Дағыстанның апаттар медицинасы орталығының мамандар бригадасы аттандырылды», - делінген хабарламада.

Республиканың ІІМ мәліметінше, жарақат алғандардың арасында Ресей гвардиясының қызметкері де бар. 

«Шабуыл жасаушы шіркеуге кіріп іштегілерге оқ жаудырған, сол жерде төрт адам қаза тауып, бесеуі жарақат алған. Оқ тигендердің жарақаты орташа ауыр деңгейде деп бағалануда», - деп мәлім еткен ақпарат беруші.

Соңғы жаңалықтар