Ресейде президент сайлауы науқаны басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей президентін сайлау бойынша науқан ресми түрде дүйсенбі күні - дауыс беруге үш ай қалғанда басталды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Үміткерлердің Сайлау комиссиясына құжат тапсыруға, съездерде ресми үміткерлікке ұсынылу рәсімін өтіп, қол жинап, ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге және телеарналар мен радиолардағы дебаттарда қарсыластарымен пікір таластыруға 90 күні бар.

Федерация кеңесі 15 желтоқсанда өткен пленарлық отырыста Ресейде президент сайлауын өткізу күнін 2018 жылдың 18 наурызына белгілеген. Президент сайлауын өткізу үшін федералдық бюджеттен 14,9 млрд рубль бөлінген. Сондай-ақ, 23 әлеуетті үміткер сайлау науқанына қатысатындарын мәлімдеген.

ОСК басшысы Элла Памфилованың айтуынша, 23 адам сайлауға қатысуға өтініш білдірген. Олардың ішінде Владимир Путин, Ксения Собчак, Владимир Жириновский, Борис Титов, Геннадий Зюганов және Григорий Явлинский бар. 

Соңғы жаңалықтар