Ресейде өзін өлдіге шығарған қазақстандық ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде экономикалық қылмыстар жасады деген күдікті, өзінің өлімін ұйымдастырып, қайтыс болды деп танылған Қазақстан азаматы Д. Лакомкин ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) баспасөз қызметі берген мәліметтерге қарағанда, 29 қыркүйекте Ресейдің Воронеж қаласында МКК Экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлері Ресей құқық қорғау органдарының қолдауымен Қазақстан азаматы Д. Лакомкинді ұстаған. Ол экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардан кейін ізін жасырған.

Бір қызығы, Д. Лакомкин 2016 жылғы қыркүйекте Ресей аумағында өзінің жалған өлімін ұйымдастырып, өлді деп танылған.

Жалпы, 2017 жылы ҚР ҚМ МКК ЭТҚ Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Украина, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Америка Құрама Штаттары аумақтарында экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен іздестіріліп жатқан 22 тұлға анықталған. Олардың қылмыстары салдарынан мемлекетке 10 млрд теңгеден астам залал келтірілген. 

Соңғы жаңалықтар