Ресейде өнер көрсеткен Қарағанды театры үздік эксперименталдық қойылымы үшін марапатталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды К. Станиславский атындағы орыс драма театры Йошкар-Ола қаласында (Ресей) өткен «Достық көпірі-2016» халықаралық фестивалінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «Достық көпірі-2016» Ресей және шетелдердің орыс театрлары халықаралық фестивалінде қарағандылықтар австралиялық жазушы Бригитта Швайгердің  «Шағын камералық пьеса» туындысы желісі бойынша қойылым ұсынды.

«Бұл - театр режиссері Александра Большакованың жұмысы. Спектаклде Болшакованың өзі, актриса Гадина Турчина ойнайды», - деді театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Елена Нумерова.

«Сербиялық сыншы Драган Бошковичтің төрағалығымен халықаралық әділ қазылар алқасы қойылымға баға берді. Қарағандылықтар «Жаңа нысан ізденісінде» номинациясындағы арнайы дипломмен марпатталды. Спектакль   қазіргі әлемдегі әйелдің орны, билігі, әлеуметтік рөлінде адамның тұйықталуы тақырыбына арналған. Бір әйелдер қымбат көйлекпен мейрамханаларда ақшасын шашса, екіншісі аз ақшаға осы мейрамханалардың еденін жуады.  Егер ақылы дәретханада мейрамханаға келуші ақшасын ұмытып кетсе, жағдайға еден жуушы кінәлі болады. Өзінің уақытша билігін ол қалай пайдаланатынын кім біледі», - делінген аңдатпада.

Соңғы жаңалықтар