Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -22 °С
Алматы: -7 °С
USD 335.33 EUR 395.49
RUB 5.70 CNY 50.75
Жаңалықтар

Ресейде көлік апатынан аман қалған қазақстандық елге әлі жеткен жоқ - СІМ

2017 жылғы 7 қазан 20:17 1926
Поделиться:
Ресейде көлік апатынан аман қалған қазақстандық елге әлі жеткен жоқ -  СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Владимир облысында көлік апатына ұшыраған қазақстандық Нұрғали Сарманов уақытша орналастыру пунктінде жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов телефон арқылы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске салсақ, Ресейдегі жол-көлік апатынан зардап шеккен Қазақстан азаматтарының есімдері анықталып, олардың Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары екендігі белгілі болған еді.

«Ресейдегі қазақстандық дипломаттар көлік апатынан қаза тапқан азаматтың мәйітін елге жеткізу мәселесін талқылауда және оның туыстарымен тұрақты байланыс орнатқан», - деді Әнуар Жайнақов.

Бұған дейін Ресей Федерациясының Владимир облысында көлік апатына ұшырап, уақытша орналастыру пунктіне орналастырылған Өзбекстан азаматтары елдеріне ұшақпен қайтарылды.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының Владимир облысында Қазақстаннан шыққан автобус жол апатына ұшырағаны туралы бұған дейін хабарлаған едік. Владимир облыстық ТЖМ-нің мәліметтеріне сүйенсек, апатқа ұшыраған автобуста 55 Өзбекстан азаматы және 2 жүргізушісі қазақстандық болған.


Басты сөздер: Ресей, Оқиға, Көлік, ҚР СІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлсая Жақан

Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат