Ресейде көл аяқ астынан жер астына кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ресейдегі Владимир қаласының  түбінде, орман арасында  орналасқан тереңдігі 20 метрлік Саканцы көлі жер астына кетті. 

Судың орнында  батпақ басқан үлкен шұңқыр ғана қалды. Мұндағы барлық балықтар да із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды  «360» телеарнасы.

 «Қазір бұл жерде, көлдің табанында суды ұстап тұрған қалыңдығы  екі метрге жуық балшық қана жатыр. Шамасы, нөсер жаңбырдан кейін  балшық қабатының осал тұсынан шұңқыр пайда болып, су жер астына ағып кеткен, - дейді Владимир облысы табиғатты пайдалану және  қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Алексей Мигачев.

Егер ойылып кеткен шұңқыр  балшыққа толар болса, көл қайта қалпына келуі де мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар