Ресейде Қазақстаннан заңсыз жеткізілген 4 тонна бекіре тұқымдас балық тәркіленді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы  ФҚҚ Шекара басқармасының қызметкерлері Қалмақ Республикасы және Астрахан облыстарында дағыстандық әріптестерімен бірлесіп жүргізген жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында Қазақстан аумағынан Ресей Федерациясына заңсыз тасымалданған бекіре тұқымдас балықтардың трансшекаралық каналының жолын кесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Astrakhan.Site желілік басылымына сілтеме жасап.

«Қараөзек» өткізу бекетінде тіркемесі бар «КамАЗ» жүк көлігі ұсталды. Атыраудан Астраханға қарай бет алған көлікті Дағыстан тумасы жүргізіп келген. Көлік пен оның тіркемесін тексеру барысында арнайы жабдықталған жасырын қойма анықталды. Оның ішінде мұздатылған 864 бекіре тұқымдас балық (бекіре, шоқыр, қортпа) табылды, оның жалпы салмағы 3 тонна 776 келіні құрайды.

Бекіре тұқымдас балықтардың құны 7 миллион рубльді (шамамен 38 млн теңге) құрайды. Қазіргі таңда балықтар арнайы қоймаға қойылды. РФ ҚК 258-бабының 1-тармағы (Қызыл кітапқа енген аса бағалы су биологиялық ресурстарды заңсыз олжалау және айналымға енгізу) және РФ ҚК 226-бабының 1-тармағы (контрабанда) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының материалдары құқық қорғау органдарына берілді», - деп хабарлайды сайт Ресей ФҚҚ Қалмақ Республикасы және Астрахань облысы бойынша Шекара басқармасының ресми өкілі Ирина Гафуроваға сілтеме жасап.  

Атырау облыстық әкімдігінде «Бекіре» табиғатты қорғау акциясына тартылған барлық құрылымдардың қатысуымен жабық жиналыс болып өтті. 

Соңғы жаңалықтар