Ресейде ел астанасын ауыстыру ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының астанасын ауыстыру туралы ұсыныс жасалды. Жексенбі, 20 тамыз күні «Біртұтас Ресей» партиясы Жоғарғы кеңесінің мүшесі, Саяси және экономикалық коммуникациялар агенттігінің директоры Дмитрий Орлов Facebook-тегі өз парақшасында жаңа астана болуға барынша лайықты нұсқа Екатеринбург екендігін жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәскеу Ресейдің географиялық орталығынан алыс орналасқан, ал оның дамуы Мәскеу агломерациясының гипертрофиясына алып келуде. Осы екі фактінің өзі Ресей астанасын Уралға, Поволжьеге немесе Батыс Сібірге ауыстыру туралы сөз қозғауға жеткілікті», - деп санайды саясаткер.

Оның пікірінше, «анағұрлым дұрыс шешім» - Екатеринбург. Бұл ретте Орлов астанаға жүктелген функциялардың бір бөлігін басқа қалаларға беруге болатынын атап өтті. 

Айта кетейік, 19 тамыз күні Демография, көші-қон және өңірлік даму институты қадағалау кеңесінің төрағасы Юрий Крупнов Владимир Путинге «Мәскеуден алыстату доктринасын» жолдап, онда ел астанасын Уралдан әрі орналастыру ұсынысын айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар