Ресейде белгісіз біреу пышақпен адамдарға шабуыл жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде оқыс оқиғадан зардап шегуші ауыр халде жатыр, деп хабарлайды ТАСС.

Ресейдің Ханты-Мансийский автономды округігің орталығы Сургутте қолды пышағы бар белгісіз адам жолда кетіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасаған. Одан сегіз адам зардап шекті.

«Алдын ала ақпарат бойынша, белгісіз ер адам қаланың орталық көшесінде жүгіріп, кездескен адамдарды пышақтаған. Соның салдарынан сегіз адам зардап шекті. Қазір олардың барлығы қалалық ауруханада. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеуде», - деді қалалық құқық қорғау органының баспасөз қызметі.

Дәрігердің айтуы бойынша, пышақтан жарақаттанған бір адамның жағдайы ауыр.

Соңғы жаңалықтар