Ресейде аспаннан үш күн көрінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шерегеште (РФ, Кемерев облысындағы кент) туристер аспаннан бірден үш күн көрінген ерекше атмосфералық құбылысты фотоға түсіріп алған. Ерекше құбылыстың қуәгерлері оны «гало» деп атады. Бұл 19 қарашада күндіз орын алды.

Сондай-ақ күн батар тұста сағат 16-17-лерде қайталанды. Бұл уақытта ауа температурасы - 30 градус болып тұрған. «Шергеште талай болғанымын. Мұндай жағдайды бірінші рет көруім», - деп таңданысын жасырмады фотографтардың бірі Камиль Нуруллович. Басқа куәгерлер «гала» қатты аязда не түнде ай жарығы кезінде пайда болатынын айтады.

Шергешке көп келетіндер өткен жылы қаңтарда осы жерде үш күнді көргенін айтуда, деп жазды «Комсомольская правда». Айтқандай, «гало» атмосфералық оптикалық құбылыс қыста қатты аязда пайда болады, мамандар аспанды қаз бауыр бұлт басқанда, мұздан тропосфераның жоғарғы қабатында 5-10 шақырым биіктікте пайда болады деп санайды.

Соңғы жаңалықтар