Ресейде Ан-148 апаты орнында тексеру жұмыстары аяқталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің қызметкерлері Ан-148 ұшағы апатқа ұшыраған жерде барлық тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды ТАСС комитеттің айырықша маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Рустам Габдуллинге сілтеме жасап.

«Барлық процессуалдық және тергеу әрекеттері аяқталды. Жолаушылар мен ұшақ қалдықтары түгелдей оқиға орнынан сараптама үшін  жинап алынды»,-деді ол жұмыс тобының жиналысында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Кейін ұшақ қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылғаны мәлім етілді. «Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болды. Олардың барлығы ажал құшты. Ұшақта Қазақстанда туған азаматтар болған. 

Соңғы жаңалықтар