Ресейде 71 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің Домодедово әуежайынан көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы бірден радар экранынан жоғалып кетті. Ол шамамен Мәскеу маңындағы Раменск ауданы аумағында құлады. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

«Ан-148 жолаушылары ұшағының радар экранынан жоғалып кеткені туралы ақпарат түсті. Болжам бойынша, Домодедово - Орск бағытында жолға шыққан ұшақ Раменск ауданы аумағында құлаған. Құтқарушылар жіберілді», - деді Ресей ТЖҚ өкілі.

Ұшақ бортында 71 адам болған.

Соңғы жаңалықтар