Ресей ұлттық ұланының қызметкері төрт әріптесін атып өлтірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шешенстан Республикасындағы Ресей ұлттық ұланының қызметкері төрт әріптесін атып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға дүйсенбі күні түс ауа Шелковская станицасында Солтүстік Кавказ округіндегі РФ ұлттық ұланына қарасты әскери бөлімшелердің бірінде болған.

Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, лейтенант казармада төрт әріптесіне қарсы оқ атқан. Олар алған жарақаттарынан көз жұмды. Кезекші бөлім сол жерде әскери қызметшінің көзін жойды. Қызметтік тексеріс тағайындалды. Барлық мән-жайды анықтау үшін әскери бөлімшеге Ресей ұлттық гвардиясы Орталық аппаратының бір топ офицері аттандырылды.

 

 

Соңғы жаңалықтар