Ресей татарлары ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ниетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ресей Татарлары Жетісу жеріне келді. Татарстан Республикасы, Менделеев муниципалды ауданының басшылары Алматы облысымен әлеуметтік-экономикалық байланыс орнатуды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Делегация Жетісу өңірінің еркін экономикалық аймақ құрудағы, көлік логистикасындағы тәжірибесімен танысып, мәдени-рухани қарым-қатынастарды нығайтуды көздеуде. Қонақтар бауырластарымен де кездесіп, өзара ой бөлісті. Менделеев ауданының басшылығы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне де қатысуға ниетті.

«ЭКСПО көрмесіне алдымен республикамыздың Президенті Рустам Минниханов келеді деп күтілуде. Егер сол сапарында муниципалды аудандардың жетекшілерін ертетін болса, біз көрмені тамашалауға қуана келеміз. Жалпы Татарстанда 45 муниципалды аудан бар. Біздің басты  мақсатымыз - Қазақ елімен өте тығыз қарым-қатынас орнату»,- деді Менделеев ауданының басшысы Валерий Чершинцев.

Талдықорған қаласында делегаттар көпсалалы қалалық ауруханасы мен Достық үйінде болып, шаһардың тыныс-тіршілігімен танысты. Айта кету керек, Алматы облысында 14 мыңдай татар ұлтының өкілі тұрады.  

Соңғы жаңалықтар