Ресей Ортсайлаукомы 15 елден хакерлер шабуылдағанын мәлімдеді

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - РФ Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Майя Гришина РФ ОСК ақпараттық анықтамалық орталыққа көптеген хакерлік шабуылдар жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазірдің өзінде ақпараттық анықтамалық орталыққа түсіп жатқан күш бірнеше есе артты деуге болады, олардың арасында хакерлік шабуылдарды анықтап жатырмыз», - дейді М. Гришина.

Комиссия хатшысы Ортсайлаукомның сайтына 15 елден шабуыл тіркелгенін айтты.

Бұдан тыс, РФ Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Панфилованың сөзіне қарағанда, азаматтар дауыс беру тізімінен өздерінің аты-жөнін таба алмай жатқанын айтып шағымдануда. Олар тұрғылықты мекенжайлары бойынша дауыс беру туралы бірнеше рет өтініш те жазып үлгерген. Панфилова, сонымен қатар, бірден артық мәрте дауыс беруге ұмтылған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертті.

Соңғы жаңалықтар