Ресей Мемлекеттік Думасына депутаттарды сайлау нәтижесі жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 қыркүйектегі сайлау қорытындысы бойынша, жетінші шақырылымдағы Ресей Мемлекеттік Думасына: «Біртұтас Ресей» - 343, Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы - 42, Ресейдің либералдық-демократиялық партиясы - 39, «Әділетті Ресей» - 23 мандатқа ие болды.

РФ Орталық сайлау комиссиясының қорытынды мәліметтері осындай, деп хабарлады  ТАСС.

Осылайша, «Біртұтас Ресей» төменгі палатада конституциялық басымдыққа ие болды. Тізім бойынша партия Мемлекеттік Думада 140 орын және бір мандатты округтер бойынша 203 орын алып отыр.

"Отан" партиясының өкілі Алексей Журавлев, "Азаматтық платформа" федералдық саяси комитетінің басшысы Рифат Шайхутдинов және алтыншы шақырылымда "Біртұтас Ресей" фракциясында болған және бұл жолы өзін-өзі ұсынған кандидат Владислав Резник бірмандаттық округтерде жеңіске жетті.

Мемлекеттік Дума сайлауына электораттың қатысу үлесі 47,88% құрады.

 

Соңғы жаңалықтар