Ресей-Қытай шекарасы жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Приморьеде Краскин өткізу пункті арқылы ресей-қытайлық шекара жағына шығаберісті су шайып кеткеннен кейін жол жабылды, деп хабарлады өлке әкімшілігі.

 «Хасанск ауданында жолды су шайып кетті. Краскино өткізу пункті арқылы ресейлік-қытайлық шекара жағына жол жабық. Қазіргі уақытта өлкенің туроператорлары мен туркомпаниялары өкілдерімен шұғыл мәжіліс өтті. Кездесуге қатысушылар Хасанск ауданында «Краскино» өткізу пункті арқылы ҚХР-мен шекара жағына жолға шықпауды ұсынды», - делінген хабарламада.

  Приморьенің үш ауданында жеті елді мекенді су басты. Уссурийскіде жолдарды су шайып кеткен,  мұнда төтенше жағдай режімі енгізілді.

Соңғы жаңалықтар