Ресей Қазақстанға қылмыстық топ жетекшісін экстрадициялайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы халықаралық іздеуде жүрген Ермаханбет Ділдабаевты еліміздің Бас прокуратурасының сұранысы бойынша экстрадициялайтын болды. Ділдабаевтың қылмыстық әрекетінен мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам залал келтірілген. Бұл туралы Бас прокуратураның сайты хабарлады.

Күдіктінің үстінен бірнеше баппен іс қозғалған. Атап айтсақ, жалған кәсіпкерлік, ұйымдарға салынатын салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету баптары бойынша тергеу жүргізілуде.

Бұл қылмыстық ұйымның тағы да бір мүшесі Марат Жұпқазиев осы жылдың тамыз айында Таиландтан Қазақстанға экстрадицияланғанын айта кету керек.

Соңғы жаңалықтар