Ресей Қазақстан мен Қырғызстанның 350 тонна көкөнісін кері қайтарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ-ның Новосибирск облысына Қазақстан мен Қырғызстаннан келген 350 мың тонна өнім кіргізілмеді, деп хабарлайды Новосибирск облыстық ресейлік ауылшаруашылығы өнімдерін бақылау басқармасының баспасөз қызметі.

Новосибирск облыстық ресейлік ауылшаруашылық өнімдерін бақылау басқармасының инспекторлары «Қарасуық» фитосанитарлық бақылау бекетінде жүкті тоқтатты. Өнім Қазақстан және Қырғызстан республикаларынан жүк көлігімен жеткізілген.

«Карантинді фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында  өнім партиясының жоғары фитосанитарлық қатерлері 24 жағдайда анықталды. Олардың ішінде алма, өрік, шие, қияр, қызанақ, кәді, бұрыш, баялды, пияз, сәбіз, қырықжапырақ, қызылша, сондай-ақ күріш фитосанитарлық қауіпсіздікті растайтын сәйкес құжаттарсыз тасымалданған және мөрлері болмаған», - делінген хабарламада.

Жүктер Қазақстан мен Қырғызстанға кері қайтарылды. 

Соңғы жаңалықтар