Ресей қарағандылық еркекшөпке қызығушылық танытып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алғаш рет Қарағанды өсімдіктану және селекция ғылыми-зерттеу институты (ҚӨСҒЗИ) бес тонна еркекшөпті Ресейге экспорттады. Егер тауар сатып алушыларға ұнайтын болса, жөнелтілетін өнім көлемі анағұрлым ұлғайтылатын болады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Біз Ресей Федерациясына сынама түрде бес тонна еркекшөп жөнелттік, - деп мәлімдеді. «ҚӨСҒЗИ» ЖШС бас директоры Дамир Қалдыбаев. - Мұндай аз көлем Ресей үшін біздің нарық таңсық болғандықтан әзірге біздің тауарға сенімсіздікпен қарауымен түсіндіріліп отыр. Егер өнімнің сапасы олардың көңілінен шығатын болса, ресейліктер анағұрлым көп көлемде - 150 тонна шөпті сатып алуға дайын».

Сонымен қатар «Карагандинская-30» бидай сұрыпын көршілес Ақмола облысының ауылшаруашылық өнім өндірушілері сатып алмақшы. Биылғы жылы сынақ учаскілерінде бұл сұрып ең үлкен өнімділікті - бір гектардан 15 центнерді көрсетіп отыр. Мамандардың айтуынша құрғақ климат жағдайында бұл бидай түрі жоғары көрсеткіштерге ие болады.

Әзірге ҚӨСҒЗИ тұқымдарының негізгі тұтынушылары - жергілікті шаруалар. Мұнда тары, сұлы, арпа дәндері, бір жылдық және көпжылдық шөптер сатып алынады.

Еркекшөп - аса күтімді қажет етпейтін жер мен климатқа бейімделген көпжылдық шөптердің түрі. Ол ХХ ғасырдан бастап құнды азық шөп ретінде пайдаланады.

Соңғы жаңалықтар