Ресей ФҚҚ орталық мұрағаты Әлихан Бөкейханов туралы материалдардың құпиясын ашты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Әлихан Бөкейхановқа арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Ресей ФҚК Орталық архивінің материалдары бойынша әзірленген баяндама ұсынылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ғылыми жұмыс авторы - ресей арнайы қызметтерінің қайраткері, ресейлік тарихшы, РҒА Ресей тарих институтының қызметкері Василий Христофоров.

«Қазақстанның саяси қайраткері, ғалым, журналист, аудармашы Әлихан Бөкейхановтың есімі XX ғ. Қазақстан мен Ресей тарихын зерделеген зерттеушілерге жақсы таныс.

Бөкейханов «Алаш» қазақ ұлттық партиясының қалыптасуына бастамашылық еткен. Тәуелсіз Қазақстанды құруға ұмтылған. Алашорда автономиялық үкіметінің алғашқы төрағасы болды, - деп атап өтілген баяндамада. - Құпиясыздандырылған, Орталық мұрағаттың ғылыми айналымына енгізілген құжаттар  мен материалдар Бөкейхановтың саяси өмірбаянының белгісіз фактілерін ашуға, «Алаш» партиясы және Алашорда автономиялық үкіметінің құрылуы мен жұмыс істеу тарихын толықтыруға мүмкіндік береді.

 «Қазақстанда кеңес билігі орнаған бірінші күннен бастап алашордалықтар маңызды қазақ мемлекеттік органдарының барлығында болды. Бұл Алашорданың ұлттық мүдде тұрғысынан тиімді саясат жүргізуге, қазақ халқына ықпал етуге мүмкіндік берді. Бөкейханов - Халықтық жер бөлу комиссариаты алқасының мүшесі, Байтұрсынов - халықтық ағарту комиссариатының мүшесі, Ғаббасов - Семей  облыстық земство жанындағы Жер комитетінің төрағасы болған», - делінген ғылыми жұмыста. 1922 жылы оппозициялық бағыттағы зиялы қауым өкілдерін оқшаулау мақсатында  кеңес саяси басшылығының нұсқауымен оларды Мәскеу, Ленинград, Қазан, Ресейдің басқа да ірі қалаларынан  шетелге, Сібірге жер аудару операциясын жүргізді.  Жазасын өтегеннен кейін екінші топ ірі қалаларда тұруға құқықтары болған жоқ.

Сол уақытта Бөкейхановты қазақ халқынан оқшаулау мақсатында Мәскеуге жер аударды, ол Баспа орталығының Қазақ секциясына ғылыми қызметкер болып орналасты», - деп жазды В. Христофоров. 1926 жылы қыркүйекте Бөкейханов Ақтөбеде тұтқындалды, Мәскеуге жеткізіліп, Бутырский түрмесіне қамалды.

Бөкейханов тағдырын әйгілі «үштік» шешті. «1937 жылы 27 қыркүйекте сағат 11-де КСРО ЖС ӘА жабық сот отырысы басталды. Сотты қарау рәсімі, үкімді жариялау небәрі 20 минутқа созылды.

Сол күні бірден орындалатын үкіммен ату жазасына кесілді. Мұрағатта оның жерленген жері жайлы көрсетілмеген. Алайда сол кезеңде саяси қуғын-сүргін құрбандарын Дон зиратына  жерлейтін болған. Сондықтан Бөкейханов сүйегі сол жерде болуы ықтимал», - деді Христофоров.

Конференцияға Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей, Украина, Қырғызстан елдерінен шетел ғалымдар келді не баяндамаларын жіберген. Қазақтың  «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы тарихын   зерттеушілері де өз еңбектерін ұсынған.

Соңғы жаңалықтар