Ресей цифрлық технологияларды Қазақстанмен бірлесіп дамытуды қалайды - РФ министрі Никифоров

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы цифрландыру мәселелері бойынша республикалық кеңеске Ресейдің байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрі Николай Никифоров қатысты. Оның айтуынша, Қазақстанмен Ресей цифрлық технологияларды бірлесіп дамытуы қажет.

«Бүгінде технологияларды сырттан жай әкеліп қоюмен шектелмеу керек. Одан да терең бойлағанымыз жөн. Соның барлығын өзіміз дамытып, цифрлық экономикаларымызды күшейтуіміз керек. Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, осы саладағы жұмысты бірлесіп жүргізуге шақырамын. Әрине, ол үшін университтердің ынтымақтастығы керек, бірлескен зерттеулерді жүргізу керек. Цифрлық экономиканы дамыта отырып, осы саладағы технологияларды да дамытуымыз аса қажет», - деп атап көрсетті Н.Никифоров.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресей біреудің технологиясын пайдалана бермей, осы салада көшбасшы мемлекеттерге айналса, екі елдің экономикалары көтеріледі, халықтың әл-ауқаты өседі. «Одан бәріміз ұтамыз,барлық Еуразиялық экономикалық ұтады», - дейді ресейлік министр.

Айта кетейік, бүгінгі кеңеске ҚР Президент Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық етті. Сол жерде BitFury Group-тың жетекшісі Валерий Вавилов блокчейннің басты артықшылығы жайында айтып берді. 

Соңғы жаңалықтар