Ресей ауыл шаруашылығын бақылау басқармасы 180 тоннадан астам жеміс-жидекті Қазақстанға қайтарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Новосібір облысынан Қазақстанға 180 тоннадан артық жеміс-жидек қайтарылды, деп хабарлайды Ресей ауыл шаруашылығын бақылау басқармасының баспасөз қызметі.

Новосібір облысы бойынша Ресей ауыл шаруашылығын бақылау басқармасының инспекторлары  өткен демалыс күндері «Карасук» бақылау бекетінде 165 тонна қауын мен 20 тонна өрікті тасымалдағандарды ұстады. Қазақстаннан шыққан өнімдер автомобиль арқылы Новосібір, Краснояр, Кемерево, Новокузнецк және Владивостокқа жеткізілмекші болған. Карантинді санитарлық бақылау жүргізу барысында жемістердің барлығында өнімнің атауы, қайдан шығарылғандығы, экспорттаушы және/немесе кері экспорттаушы жайлы ақпарат беретін таңбаларының жоқтығы анықталды.  Халықаралық заңнама талаптарына сәйкес, өнімдерді Ресей Федерациясының аумағына тасымалдауға тыйым салынып, барлығы Қазақстанға қайтарылды.

 

Соңғы жаңалықтар