Ресей аумағында қазақстандық балалар мінген автобус бұзылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық хоккейші балалар автобусы бұзылғандықтан жатақханаларға орналастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Омбыдағы ҚР Консулдығы берген мәліметтерге қарағанда, 21 қаңтардан 22-сіне қараған түнде Междуреченск (Алтай өлкесі) - Павлодар бағдарымен келе жатқан Павлодардың «Ертіс» балалар хоккей командасының автобусы Благовещенск елді мекенінің (Алтай өлкесінің Благовещенск ауданында) маңында бұзылды. Автобуста 18 бала, 2 бапкер және 2 жүргізуші болған. Аталған ҚР азаматтарының барлығы Степное елді мекеніндегі техникумның жатақханасына орналастырылды. Барлығы аман-есен, азықпен қамтамасыз етілген», - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі Фейсбукте.

Дипломаттардың айтуынша, балалардың ата-анасына хабар берілген. Балалар мен бапкерлерді Павлодарға жеткізу мәселесі жуырда шешімін табады.

Қатты аяз салдарынан Омбы - Павлодар күре жолының Қазақстан аумағындағы учаскесі жабылды.

Соңғы жаңалықтар