Ресей әуежайының күзетшілеріне электрошокер қолдануға рұқсат берілуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Госдумасының қаралымына әуежай күзетшілерінің электрошокер қолдану құқығы туралы заң жобасы ұсынылды, деп хабарлайды ТАСС.

Құжатта аталмыш бастама «көлік қауіпсіздігі қызметкерлеріне  азаматтық қорғану қаруы, яғни электрошок құрылғыларын қолдануға рұқсат беретін нормаларды қарастырады» деп жазылған.

Электрошокерлерді жекеменшік күзет, сот приставтары, Аңшылықты мемлекеттік қадағалау полиция қызметкерлері, Ресей Гвардиясы жауынгерлері және қарапайым азаматтар қолдана алады. Ресей азаматтары мен шетелдіктер мұндай қаруды лицензиясыз-ақ сатып ала алады.

Көлік қауіпсіздігі қызметкерлеріне атыс қаруын қолдануға  рұқсат берілмеген, себебі халық  көп жиналатын  нысандарда адамдарға оқ тиіп кетуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар