Рельс үстінде ұйықтап қалып, пойыз астына түскен әйел тірі қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Колорадо штатында әйел рельстің үстінде  ұйықтап кеткен. Бір ғажабы ол пойыз өткеннен кейін тірі қалған. 

Бұл туралы New York Post хабарлады.

Оның не себепті рельске шыққаны жайлы басылым хабарлаған жоқ. Ол осы оқиғадан кейін дәрігерлерді күтпей, тез кетіп қалған.

Газет атап өткендей, әйел жақындап келе жатқан пойызды естімеген, себебі ол телефоннан өлең тыңдап тұрған. 

Соңғы жаңалықтар