«Реал» Роналдудан құтылудың жолын іздеуде - БАҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Реал» президенті Флорентино Перес команданың көшбасшы ойыншысы Криштиану Роналдуды сатуға рұқсатын берді. Мадридтік команда басшысы Роналдудың агенті Жорже Мендешпен кездесіп, ойыншыға жаңа клуб іздестіруді тапсырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

32 жастағы португалиялық ойыншының клуб президентіне өкпесі қара қазандай. Перес Роналдуға жаңа келісім ұсынып, айлығын көтеруді уәде еткенімен, сөзінде тұра алмаған. 

Роналдудың «Реалмен» қазіргі келісімі 2021 жылы аяқталады. 

Криштиану өзінің бұрынғы клубы «Манчестер Юнайтедке» қайтып оралады деген әңгіме жиі айтылуда. 

«Кейбір ақпарат көздері «Реал» ПСЖ клубына Роналдудың үстіне ақша қосып беріп Неймарға айырбас жасауды көздейтіндігін хабарлауда. Қалай дегенмен де бір нәрсе түсінікті сияқты, мадридтік команда шау тарта бастаған Роналдудан құтылудың жолын қарастыруда», - деп жазады сайт. 

Биылғы маусымда Роналду Испания біріншілігінде «Реал» үшін төрт-ақ гол соққан. 

Соңғы жаңалықтар