«Реал» екінші мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Реал» испандық футбол клубы италиялық «Ювентусты» Чемпиондар лигасының финалдық матчында 4:1 есебімен ұтты. Ойын Кардифте өтті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Жеңімпаздар құрамында қос голмен Криштиану Роналду (20-шы, 64-шы минутта) көзге түсті, сондай-ақ Карлос Каземиро (61) мен Марко Асенсио (90) қақпаға бір-бір доп салды. Жеңіліс тапқандардан Марио Манджукич (27) бір рет гол салды. Ойынның 84-ші минутында «Ювентус» аяқдопшысы Хуан Куадрадо екінші сары белгі алып алаңнан қуылды.

Матчтың үздік ойыншысы Роналду атанды.

«Реал» 1992 жылы Еуропа чемпиондарының кубогының орнына келген турнир - Чемпиондар лигасын екі рет ұтқан алғашқы команда болды. Еуропа чемпиондарының кубогын соңғы рет екі мәрте ұтқан италиялық «Милан» клубы (1989, 1990) болатын.

Мадридтіктердің  бас бапкері Зинедин Зидан турнир тарихында өз командасын екі рет жеңіске жеткізген бапкер атанды.

Мадрид клубы Чемпиондар лигасының алты финалын ұтты. «Ювентус» үшін бұл басты еурокубок турнирінің ақтық матчында жетінші рет ұтылуы.  

Соңғы жаңалықтар