«Реал» 16 жастағы футболшыны 45 млн. еуроға сатып алды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтің "Реал" футбол клубы бразилиялық талантты жас футболшы Винисиус Жуниорды сатып алды. Бұл туралы vesti.kz сайты жазады.

"Корольдік клуб" 2018 жылдың шілде айынан бастап шабуылшымен толықтай келісімшартқа қол қоя алады. Ол кезде Винисиус Жуниор 18 жасқа толады.

Ойыншы 2019 жылдың шілдесіне дейін "Фламенгодағы" мансабын жалғастыра береді. Егер клуб басшылығы келісіп жатса, шабуылшының одан ертерек "Реал" сапына қосылуы да мүмкін.

Басылымдардың жазуы бойынша Винисиус Жуниордың трансфер құны 45 миллион еуроға бағаланып отыр екен.

Винисиус Жуниор Оңтүстік Америка құрлығында наурыз  айында өткен 17 жасқа дейінгі ұлттық құрамалар арасындағы чемпионатта көзге түсті. Жарыстың үздік сұрмергені атанып, еуропалық бірнеше алпауыт командалар скауттарының назарына іліккен болатын.

Соңғы жаңалықтар