«RBK» банкі клиенттері алдындағы міндеттерді орындауға әзір

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Bank RBK» директорлар кеңесінің төрағасы Торстен Пол мен «Қазақмыс Холдингі» компаниясының президенті әрі банк акционері Владимир Ким банкті сауықтыру үшін бөлінген қаражатты қалай бөлетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2017 жылдың 7 қарашасы күні Ұлттық банк, ҚР Үкіметі мен РБК банкі арасында банктің төлем қабілетін қалпына келтіру үшін оны кезең-кезеңмен сауықтыруға байланысты келісім жасалған болатын. Баспасөз маслихатында акционер Владимир Ким мен РБК банкі директорлар кеңесінің төрағасы Торстен Пол жол картасы әзірленіп, жүзеге аса бастағанын айтты.
null 

«Біз 60 млрд теңгені алдық. 19 қаңтарға дейін тағы 100 млрд теңге аламыз. Бүгінгі таңда сауықтыруға байланысты Ұлттық банктен 120 млрд теңге көлемінде, инвестордан 160 млрд теңге алдық. 2018 жылдың 19 қаңтарына дейін 203 млрд теңге беріледі, барлығы 363 млрд теңге болады. Бұл біздің міндеттерімізді өтеп жатқанымызды көрсетеді, клиенттеріміз қаражаттарын ала алады. Бірақ біз әр клиентті алып қалу үшін «күресетін» боламыз. Банк баллансы тазарғаннан кейін, Қазақстан нарығында ең үздіктердің бірі болатынына сеніңіздер. «Қазақмыс Холдингі» компаниясы енді менеджментті қатаң қадағалайды әрі клиенттеріміз біздің стратегияларымыздың ортасында болады»,- деді Торстен Пол.
null 

Бұған дейін хабарланғандай, банкке жаңа инвестор ретінде «Қазақмыс Холдингі» компаниясы президенті Владимир Ким келді.

«Бүгінде бакнтің құны 0 теңге. Біз екі апта бойы аудиторлармен жұмыс істедік. Сосын Ким акционер ретінде кіреді деп шештік. Осыдан кейін, «Қазақмыс» Холдингі» банктің жалғыз акционері болады. Қазір компания 90 пайыз капиталдың иесі. 100 млрд теңге 19 қаңтарға дейін беріліп, «Қазақмыс» Холдингі» оның 99 пайызына ие болады. Бұған дейін банкте Қазақмыстың есепшоты болған. Осының бәрін ескере келе 1995 жылы мыс өндірісін сауқтырғандай, банкті де сауықтыру қажет деген шешімге келдік», - деді Владимир Ким.
null 

Соңғы жаңалықтар