Рәпіл Жошыбаев жаңа қызметке тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басшысының лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Рәпіл Жошыбаев 1963 жылы Жамбыл облысының Ақыр-Төбе стансасында дүниеге келген. 1985 жылы Қырғыз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы - экономист.

Еңбек жолын 1980 жылы бастаған.  

1980-1993 жылдары Санкт-Петербург экономика және қаржы университетінде (РФ) техник, экономист, аға инженер, зерттеуші стажер, стажер-оқытушы болып жұмыс істеген.

1993 жылдан бастап 2003 жылға дейін - ҚР СІМ-нің үшінші, екінші, бірінші хатшысы, ҚР СІМ ТМД департаментінің бөлім бастығы, ҚР-ның Литва Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, ҚР Президентінің Протокол қызметі басшысының орынбасары.

2003-2004 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Конфессияаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президентінің Протокол қызметінің бас инспекторы болып еңбек еткен.

2004-2007 жылдары ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2007 жылдан 2017 жылға дейін - сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, жауапты хатшысы, «Экспо-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің» комиссары.

ІІ дәрежелі «Достық», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Анықтама: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» Экспо-БҰҰ халықаралық орталығының базасында жұмыс істейтін болады. Жаңа орталық «Астана Экспо-2017» көрмесі мұрасының идеологиялық жалғасы болады, сондай-ақ ол «жасыл» экономиканы дамыту саласында әлемдік қауымдастық арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастарды орнатуға бағытталған. Бұған қоса бұл қазақстандық жобаларға инвестициялар тартуға жол ашады.

Соңғы жаңалықтар