Рамазандағы қымбатшылық ынсаптан айрылғанымызды көрсетпей ме - өңірлік баспасөзге шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оңтүстік Қазақстан» газеті Рамазан айына байланысты мақала жариялады. Онда автор бүгінгі молшылық замандағы оразаның ерекшеліктеріне назар аудара отырып, мәселенің екінші қырына үңілтеді. Айтар ойы дәл сол ораза қарсаңында базардағы бағаның құбылуы турасында екен.

null 

«Оңтүстік Қазақстан» тілшісі келтірген мәліметке сүйенсек, ораза басталғаннан кейінгі 2 аптаның ішінде базардағы азық-түлік бағасы 20 пайызға қымбаттаған. Бұл сауданың көрігі қызып тұратын оңтүстіктің базары. Ендеше басқа өңірлерде де баға «күйіп» тұрғаны анық. Осыған орай тілші «Рамазан айында азық-түлiктiң бағасын арзандатудың жолдары бар ма?» деген сауалды сатып алушылар мен саудагерлерге қойып, жауап іздеген. «...санамыздың барынша нарықтанып бара жатқаны да жасырын емес. Тек, иманның жартысы - сабыр, қалғаны тазалық пен қанағат екенiн ұмытпайықшы. Бәсекелесемiз деп жүрiп, ынсап пен қанағаттан көз жазып қалсақ, оразада тiрнектеп жинаған сауабымыздың желге ұшуы да ғажап емес» деп жазады журналист. Мақала түйіні: «Биылғы Рамазанда арабтың әйгiлi «Әл-Жазира» телеарнасынан белгiлi бiр шейх ораза туралы сұхбат берiп отырғанда жүргiзушi Сомалиден келген хатты оқып берiптi. Хаттың иесi «Бiзде ораза басталмай-ақ азық-түлiк жоқ едi. Сәресiде де, ауызашарда да жейтiн ештеңемiз жоқ. Сонда да ниет етiп, ораза ұстауымызға бола ма?» деп сұрақ қойыпты. Мұны естiген шейх жауап бере алмай, еңкiлдеп жылай берген. Кейiннен хат иесiне, оның ауылдастарына ұшақпен азық-түлiк жеткiзген көрiнедi. Осы ақпаратты интернеттен оқып отырып ойға шомдым... Ол жақта мұсылман бауырларымыз ертелi-кеш нәр татпаса да ораза ұстауға әзiр. Ал, бiздің базардағылар бiр келi еттен 200 теңге артық тапқанына мәз...

 

9 жасар жеткіншек бес тіл біледі - Оңтүстік Қазақстан газеті

null 

«Оңтүстік Қазақстан» газеті Кентау қаласында 5 тілді қатар меңгерген тоғыз жасар Жанболат туралы жазды. «Жанболат биыл М.Әуезов атындағы № 22 мектеп-гимназияның 3-сыныбын бітірді. Қазақ, өзбек, түрік, орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Ағылшын тілін үйреніп жүргеніне де біршама уақыт болған», - дейді тілші. Оның жазуынша, Жанболат суретті де жақсы салады әрі қолөнер бұйымдарын керемет жасайды. Шахматқа да мықты.

«Оның бос уақыты жоқ. Аптаның дүйсенбісінде «сурет», сейсенбісінде «шебер қолдар» үйірмесіне барады. Ал, сәрсенбідегі уақытын шахмат мектебінде өткізеді. Бейсенбі, жұма, сенбіде де дәл солай қайталанып отырады. Тек жексенбіде кітап оқып, қосымша жұмыстармен айналысады».

 

Қыздың орны төрде - Өскен өңір газеті

 null 

Өскен өңір газетінде қазақ халқының қыз балаға оны құрметтеуге байланысты тыйымдар мен тәрбиесі туралы мақала жарық көрді. Автор қазақ халқының қыз балаға деген үлкен құрметіне назар аудара келе, «Қыз баланы неліктен төрге шығару керек» деген әпсананың астарына үңіледі. Осыған орай аңызды да көлденең тартады. «Нұх пайғамбардың Хам, Сам, Жаппас деген үш ұлы және Уәсила деген қызы болыпты. Пайғамбар үнемі қызына құрмет көрсетіп, оған мүлде дауыс көтермейді екен. Қызы да әкенің қалауын қабағынан түсінетін сұңғыла болып өседі. Нұх дастарқан басында отырғанда үнемі қызын үш ұлынан жоғары, төрге отырғызады екен. Бұл үлкен ұлы Самның көңіліне күдік салыпты. «Уәсиланың жасы бізден кіші. Неге менен жоғары отыруы керек. Әкеміз бізді алалайды-ау» деп ойлайды. Бір күні дастарқан басында отырып: - Әке, Уәсила кіші болса да, неге бізден жоғары отыруы керек? Ұлдың мәртебесі әрқашан биік емес пе? - дейді. Сонда Нұх пайғамбар:

- Біздің ырзық-несібеміздің көп болуы Уәсилаға байланысты. Құт қызды жағалап жүреді. Оны босағаға отырғызсаң, шамданады. Төрге шығарсаң, қуанады. Орны жайлы болса, дастарқаннан ас-тағамды үзбейді. Тұрмысыңды түзейді, - депті. Содан бастап Нұхтың үш ұлы қарындасын төрге шығарып, құрмет көрсететін болыпты. Үш ұлынан өрбіген ұрпақ бұл жоралғыны сақтап, берік ұстайды. Қазақ арасында «қызыңды төрге отырғыз», «қызды босағаға отырғызба» деген талап-ырымдар осыдан шыққан екен»...

 

Теңіз табанындағы тылсым - Сыр бойы газеті

null 

Тарихшы Еркебұлан Елеуовтің Сыр өңірі мен Арал аймағындағы зерттеулерге арнаған мақаласы «Сыр бойы» газетінде жарық көрді. Мақалада жазылғанындай,  «соңғы зерттеулер нәтижиесінде Арал теңізінің кепкен табанынан табылған Кердері І,ІІ кесенелері және Арал - Асар қалашығының табылуы қазақстандық тарихшы-археологтардың назарын аударған».

null 

Мақалада автор Арал теңізіне қатысты әр дәуірдегі, әр ғасырдағы тарихи жазба-деректерді көрсете отырып, теңіздің түрлі ерекшеліктеріне де назар бұрады. Оның жазуынша, Арал теңізін тарихи деректерде Каспийдің сақ шығанағы, Хорезм көлі, Көк теңіз, Тұзды көл, Қарасу, Әл Жүржәни көлі, Қытай көлі, Жент теңізі, Кердері теңізі сияқты 20- дан астам атауларын кездестіруге болады.

«Соңғы археологиялық зерттеулер теңіз табанында ортағасырлық мәдениет пен өркениеттің ошағы болғанын дәлелдейді. Оған теңіз табанынан екі бірдей кесене мен қала орнының табылуы айғақ. Мұның бәрі бүгінгі Отан тарихындағы, әсіресе тарих, археология ғылымындағы үлкен жетістіктер болып табылады», - деп жазады автор.

Айта кетерлігі, ХХ ғасырдың басындағы тарихи материалдарға сүйене отырып, тарихшы мамандар қазіргі Арал теңізі табанындағы тарихи - мәдени ескерткіштерге «Кердері» деген шартты атау берген. Кердері ІІ кесенесі мавзолей үлгісімен салынған. Биіктігі 1,6 м., ені мен ұзындығы 30х42 м аумақты құрайды. Ескерткіш маңындағы қаладан тас қайрақтар, түрлі оюлы плита жапсырмалары, кірпіш цехы, шырағдандар мыс тиындар,  ірі диірмендер мен астық сақтайтын ыдыстар табылды.

null 

«Бүгінде қазақстандық ғалымдардың «ерте отырықшы және көшпелі деп аталатын екі түрлі өркениет, екі түрлі мәдениет болған» деген бұрынғы қалыптасқан ұғымды жоққа шығарып отыр. Бұдан шығатын қорытынды - далалық өркениет болған қала мен даланың тұрғындары өзара араласып жатқан. Мұны Арал Асар қалашығынан табылған заттай деректер айқындайды. Қала ХІІІ - ХҮ ғ.ғ. арасына, нақтырақ айтсақ ХІІІ ғ ортасы мен ХІҮ ғ. бірінші жартысында тіршілік еткен деуге негіз бар», - деп пайымдайды автор.

null 

Фестиваль өте ме? - Сарыарқа самалы газеті

null 

Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің жақында шыққан нөмірінде биыл қазақ жеріне театр өнерінің алтын діңгегін қаққан Жұмат Шаниннің туғанына 125 жыл толып отырғанына назар аударып, «Фестиваль өте ме?» деген тақырыпта арнайы мақала басыпты.  «Осынау айтулы датаға орай еліміздің түкпір-түкпірінде алуан түрлі іс-шаралар өткізіліп жатқаны белгілі. Ал бізде ше? Даңқты жерлесіміз, қазақ өнерінің қайталанбас дара тұлғасы Ж.Шаниннің мерейтойына орай театр фестивалін өткізуге не кедергі? «Бір ауылға «Жұмат» есімі берілуі керек» деп жүрген баянауылдықтардың бастамасын кім қолдайды?», - деп жазады газет.

Мақаладағы мәліметтерге қарағанда, дара тұлғаны дәріптеуде жергілікті билік еске алу кештері, көрмелер мен лекция оқудан аса алмаған. «Есесіне, шымкенттіктер бар қазаққа ортақ болған Жұмат Шаниннің мерейтойына орай Түркі әлемі театрларының «Театр көктемі - 2017» халықаралық фестивалін өткізіп, айды аспаннан бірақ шығарды. Мұндай шара біздің аймақта да өтеді деп жоспарланған еді. Алайда  деп аяқтап, бар мәселені ақшаға тіреген жергілікті атқамінерлерге сын айтылыпты.  

Осылайша редакция қазақ театры тарихындағы елеулі тұлғаның мерейтойы елеусіз өтіп бара жатқанына қынжылыс білдіреді. Осыған байланысты, қазақ өнерінің марқасқасы, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің де пікірін береді. «Жұмат - қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздардың бірі. Сол кісінің театр өнеріне деген өлермен махаббатының арқасында қазақ театрының іргетасы қаланды. Өнерге деген кіршіксіз таза пейілі оның басына қауіп бұлтын үйірді де. Спектакльді 10 минутқа кешіктіріп қойғаны үшін түрмеге жабылып, небір зұлматты басынан өткерді. Сонда да қазақ театры үшін алған бағытынан қайтқан жоқ. Мен дүниеге келген жылдары Жұмекең өмірден өткен екен. Біздің қазіргі жүріп өткен жолымыз - сол кісілер салып кеткен із. Театр өнерінің бірегей тұлғасының мерейтойының елеусіз қалып жатқаны мені де қынжылтады. Ең әуелі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі осы істі қолға алуы керек. Себебі, Жұматтай тұлғаны кейінгі ұрпаққа насихаттай алмасақ, біздің ел болғанымыз, өнерді құрмет тұтқанымыз қайсы? Облыстық деңгейдегі өтетін шаралар бұдан кейін жалғасын таба берері анық қой. Ел ұмытты деген күннің өзінде, Ертіс-Баян өңірінің атпал азаматтары Жұмат Шаниннің 125 жылдығын ескерусіз қалдырмайды деп сенемін», - дейді Асанәлі Әшімов.

 

Клиникалық өлімнен тұрған жігіт велосипедпен Қазақстанның түкпір-түкпірін аралауға көшкен - Менің өлкем газеті

null 

  

Шығыс Қазақстан облысында шығатын «Менің өлкем» газеті көкпектілік Рашид Болатұлы туралы жазған екен. Ол қырық жыл өмірін артқа қалдырғаннан кейін кәсіби түрде велосипед теуіп, Қазақстанның түкпір-түкпірін аралаған.

«1982 жылы Семейде оқу оқып жүрген кезімде көлік қағып, екі күн ес-түссіз жаттым. Дене сүйектерім жеті жерден сынып, бес рет ота жасады. Клиникалық өлімді басымнан кешіргесін денсаулығымды қалпына келтіру керек болды. Мен сол мақсатта велосипед тебе бастадым. Кейін отбасы құрып, тіршілік қамымен кеттік. 1999 жылы велосипедпен Көкпектіден Күршім ауданына, 2001 жылы Тарбағатай ауданына бардым», - дейді Рәшид.

null  

Оның ең ұзақ сапары Көкпектіден Астанаға дейін екен, ара қашықтық 1100 шақырым болыпты. «Ол жаққа тоғыз күн жүріп жеттім. Ал 2012 жылы 4 маусымда Рәміздері күніне орай Көкпекті - Алматы - Түркістан бағытында жолға шығып, көздеген жеріме 20 күнде жеттім. Өзім қағазға сызып алған кесте бойынша жүріп отырдым. Қалбатау, Жарма, Аягөз және басқа да жерлерде мені күтіп алып, тамақтандырып, жолға шығарып салып отырды. Көлікпен қуып жетіп, қонақ қылғандар да көп болды, - дейді кейіпкер. Ол алдағы уақытта Ақтау мен Атырауға баруды да жоспарлайды. Айтпақшы, велосипед тебудің пайдасын да біле жүрген жөн. Оның айтуынша, бұл «біріншіден, адамның қан қысымын қалпына келтіреді. Екіншіден, артық салмақтан арылтады. Үшіншіден, жүрек қан-тамыр жүйесін, зат алмасу, тыныс алу қызметін жақсартады. Төртіншіден, велосипед тепкен адам жас болып көрінеді, себебі ол қан айналым жүйесін жақсартады. Бесіншіден, велосипед тебу ұйқысыздық дертіне таптырмас ем. Ол адамның ерте тұрып, ал түнде жастыққа басы тие салып тез ұйықтап кетуіне оңды әсер етеді».

null 

null 

Соңғы жаңалықтар