Рахым Ошақбаев жалақы төлеу қорының салық салуын біріздендіруді ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев Қазақстанда жалақы төлеу қорының салық салуын біріздендіруді ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстан жас мемлекет болғандықтан, салықтық әкімшілендіру тұрғысында әлі де жетілмеген институттар баршылық. Сөзсіз, оларды нығайтып, салықтық бұзушылық анықталған жағдайда міндетті түрде жаза қолдану керек. Бірақ, бұл ұзақ мерзімге созылатын жұмыс. Меніңше, қазір салық салудың горизанталды шкаласынан гөрі, прогресстивті түрі бізге оңтайлы болар еді», - дейді Р.Ошақбаев ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер орталығында» өткен бүгінгі дөңгелек үстелде.

Рахым Ошақбаевтың пайымдауынша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі салық салу ставкаларын біріздендіру бойынша ұсыныс енгізген. Бұл бағыттағы алғашқы қадам - барлық салықтардың біріктірілуі мен жалақы қорынан бір төлемге аудару болуы мүмкін. Бұдан кейін мемлекет бұл төлемді өздігінен бөлуге қол жеткізер еді. Бұған қоса ставканы 20 пайызға дейін қысқартуға болады. Бұл қадам бюджетке түсімді арттыруға мүмкіндік берер еді.

Сарапшы өз сөзінде БЖЗҚ мәліметі бойынша, 2016 жылы Зейнетақы қорына 1,4 миллион адам 12 реттен аударым жасағанын алға тартады. Ал елімізде 6 миллион жалдамалы жұмысшы бар. Сәйкесінше, формалды емес түрдегі жалдамалы жұмысшылардың шынайы саны статистикалық деңгейден - 300-400 мың адамға артып кетті деген шешімге келуге болады. 

Статистика комитеті жұмыс беруші зейнетақы аударымын жасай ма, жоқ па деген сұрақтың негізінде анкеталау арқылы - еңбек қатынастарының ресімделіп жатқанын немесе жатпағанын тексеру үстінде. Ошақбаевтың ойынша, жеке табыс салықтары немесе зейнетақы аударымдары туралы берілетін мәліметке арқа сүйеген дұрыс. Сонда ғана шынайы жағдайды біліп отыруға болады.

Сарапшы сонымен қатар, формалды емес жалдамалы жұмысшылардың санының артуы жалақы қорына салмақ түсіретінін айтады.

«Сондықтан, Президенттің салық жүктемесін азайту туралы бастамасы өте орынды. Үкімет одан ары жұмысты жалғастырып, мәселенің кешенді талдауын жасай алады», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар