Радардан жоғалып кеткен МиГ-29 жойғышының ұшқышы тірі табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Польшада конар кезде радардан жоғалып кеткен МиГ-29 жойғышының ұшқышы тірі табылды. Бұл туралы дүйсенбі күні Польша телеарнасының эфирінде  республика қорғаныс министрінің орынбасары Бартош Ковнацкий мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС .

«Сіздерді тыныштандырғым келеді, ұшқыш катапульт жасаған, ол табылды, госпитальға жеткізілді», - деді Ковнацкий. Бірақ ұшқыштың қандай жағдайда  екендігін айтқан жоқ. Белгілісі, ұшақ бортында ол жалғыз болған.

Польша қарулы күштерінің Бас қолбасшысы баспасөз хатшысының ақпаратына қарағанда, ұшақ радардан жергілікті уақыт бойынша шамамен 17:00-де жоғалып кеткен.

Ол Минск- Мазовецкий қаласындағы әскери аэродромға қонуы тиіс болған. Бірақ қонар сәтте ұшқышпен байланыс үзілген. Ұшақты іздеу жұмыстары жалғасуда. Оған  әскер мен өрт сөндірушілер, полицейлер мен орманшылар жұмылдырылды. 

Соңғы жаңалықтар