«QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасында «Сенбілік шоу» жаңа жобасы көреремендерге жол тартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, 23 қыркүйекте сағат 20:35-те «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасында «Сенбілік шоу» жаңа кешкілік ойын-сауық жобасы басталады, деп хабарлайды телеарнаның баспасөз қызметі.

Аталмыш жобаның жүргізушілері, танымал әзілқойлар: Қайрат Әділгерей, Нұрлан Қоянбаев, Олжас Сыдықбек және саясаттанушы, публицист - Айдос Сарым.  

Әр шығарылымда өткен аптадағы ең танымал жаңалықтар мен қызықты фактілер ерекше форматта талқыланатын болады. Бағдарлама барысында қоғамда үлкен қызу талқыға түскен әлеуметтік желілердегі видеоүзінділер мен жазбалар ұсынылады. Жоба авторлары көрермендерге қазақстандық теледидардағы ақпараттық-ойын-сауық бағдарламасының мүлдем жаңа форматын уәде етті.

«23 қыркүйек күні сағат 20:35-те «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасынан «Сенбілік шоу» - кешкілік ойын-сауық жобасын тамашалаңыздар»,- деп атап өтілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар