«Qazaqstan» арнасындағы «Жібек жолы жұлдызы» жобасы: Қырғызстандық алда келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Qazaqstan» ұлттық арнасында қазақстандық бірегей жоба - «Silk Way Star» ән байқауы өтуде. Бүгін тележобаға қатысушылар өнерлерін соңғы рет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жолы төрешілер байқау қатысушыларына қандай ұпай берілгендігін  жария еткен жоқ. Ол келесі сенбіде өтетін гала-концертте белгілі болып, байқау жеңімпазының есімі аталады.

Ал осы уақытқа дейін алған ұпайлары бойынша қырғызстандық Омар 389 ұпаймен алда келе жатыр. Одан 379 ұпай жинаған  татар әншісі Малика да қалысар емес. Үздік үштік қатарында 368 ұпай алған Айқын Төлепберген де бар.

Қалған әншілердің ұпай сандары келесідей: әзербайжандық Эфенди - 349, грузиялық Таймаз Аджая - 341, өзбекстандық Саида - 335, тәжікстандық Сафармухамад - 288, түркиялық Фулин - 243, башқұртстандық Ян Лира - 224. 

Айта кетерлігі, отандық телевидениеде мұндай деңгейдегі халықаралық музыкалық тележоба бұрын-соңды болмаған. 

Соңғы жаңалықтар