«Qazaqstan» арнасында «Q-pop Idols» реалити-шоуы басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін, 31 наурыз күні «Qazaqstan» Ұлттық арнасында «Q-pop idols» (Qazaq pop idols) реалити-шоуының тұсаукесері болады. Аталмыш жоба музыкалық телебайқау форматында өтеді. Жобаның жетекшісі танымал продюсер әрі музыкант Ерболат Беделхан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жобаның мақсаты - заманауи музыка арқылы жастар арасында қазақ тілін насихаттау. Жобаның талабы бойынша қатысушылар вокалмен қоса би шеберлігін ортаға салып, қазіргі заманғы музыканың ерекшеліктерінен хабардар болуы керек. Атап айтқанда, жан-жақты болып, өлең, музыка жаза алатын дарынды үміткерлер бақ сынасады» делінген баспасөз баянында.

Сонымен қатар, «Q-pop idols» жобасының жеңімпаздары, жаңа  «Juz'I'm» атты қыздар тобының құрамына енетін болады. Айта кетейік, осы жобаға өту үшін кастингке елімізден басқа, Ресей және Қытайдан 800-ден астам жас дарынды қыздар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. «Q-pop idols» реалити-шоуын 31 наурыздан бастап,  «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан әр сенбі сайын көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар