QazaqGeography кеңесінде Ұлытауда туризмді дамыту мәселесі талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық мұражайында «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің (QazaqGeography) отырысы өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінен мәлім етті. 

Жиын QazaqGeography Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің жетекшілігімен өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, ҚР Президентінің көмекшісі Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров, QazaqGeography өкілдері, «Ұлытау» қорық-музейінің директоры Бахтияр Қожахметов (Бірлестіктің Басқару кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысындағы QazaqGeography аймақтық өкілдігінің жетекшісі) қатысты.

Күн тәртібінде - Бірлестіктің 2017 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2016 жылдың 24 тамызында Ұлытау ауылында өткен Бірлестіктің Басқару кеңесінің отырысында қабылданған сұрақтардың орындалу барысы болды.

«Ұлытау» қорық-музейінің директоры Бахтияр Қожахметов аталмыш қорық-музейдің Визит-орталығының құрылысына дайындық туралы баяндама жасап, Ұлытау ауылының тұрғындары атынан алғыс білдірді.

QazaqGeography іс-шарасына  алғаш рет Орыс географиялық қоғамының (ОГҚ) вице-президенті Кирилл Чистяков, ОГҚ Президентінің халықаралық қызметтер бойынша кеңесшісі Сергей Катиков қатысты.

Соңғы жаңалықтар